Қазақстан азаматтарының саусақ іздерін тіркеу 2023 жылға ауыстырылды
Тіркеу 2021 жылы басталуы керек еді
Қазақстандағы азаматтардың саусақ іздерін тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Азаматтардың саусақ іздерін тіркеу 2021 жылы басталуы керек болатын, елде және әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты ол 2023 жылға ауыстырылды», - делінген ҚР ІІМ баспасөз хабарламасында.
Короновирус індеті және Сovid-19 салдарынан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады.
«Тиісті өзгерістер «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға енгізілетін болады», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.