Ол жүрек ауруымен ауырған
АҚШ-та ең танымал сериялық кісі өлтіруші қылмыскер Сэмюэл Литтл 80 жасында түрмеде қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ассошиэйтед Пресске сілтеме жасап.
«Литтл диабетпен және жүрек ауруымен ауырды, оның өліміне қатысты күдікті ешнәрсе табылған жоқ», - деп хабарлады түрме өкілі.
Литтлдің өзінің айтуынша, ол 90 адамды өлтірген. Полиция 60 адамның өліміне қатысты деректерді жинап, растаған. Әр түрлі себептермен қылмыскерге жаза тағайындалмаған. Ұзақ жылдар бойы өтірік айтып жүрген Литтл 2018 жылы сұхбат беру кезінде барлық шындықты жайып салды.