Қостанай облысында партиялықтар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр
Қостанай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қадырғали Жаманбалин «ЦУМ» сауда орталығында болып, келушілерімен экспромт-кездесуі өткізді.
Кездесу барысында кандидат бутиктер иелерімен әңгімелесті, партия бағдарламасының негізгі тармақтары туралы айтып, 10 қаңтарда сайлауға шақырды.
«Nur Otan партиясы әркімнің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға қол жеткізетін болады», - деді Қ.Жаманбалин.
Бұл үшін Nur Otan партиясы өз үлесін қосатын болады:
Азаматтың қай сайлау учаскесіне жататындығын анықтау міндетті шарт. Мұны kostanayelection.kz. сайтына өту арқылы жасауға болады: осы сайтта өз ЖСН енгізу қажет, және сізге сіздің сайлау учаскеңізді көрсетеді.
«Бүгіндері барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешу және бастамаларды алға жылжытуды күтеді. Nur Otan партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтап және жаңадан жасауға, біздің қаламызды қауіпсіз және жайлы қылу үшін барлық күшті салатын болады. Біз оған қалай қол жеткізу керек екенін нақты білеміз! Бізді ортақ мақсат біріктіреді – ол әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру» - дейді Қадырғали Жаманбалин.
Сонымен қатар, Қостанай қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы кездесудің заңдылығын, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ осы кездесудің санитарлық нормаларының сақталуын тексерді. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қостанай облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді