Емделу мақсатында шетелдік медициналық ұйымды таңдауға мүмкіндік бар
Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану аясында өтініш беруші емделу мақсатында шетелдік медициналық ұйымды таңдауына мүмкіндігі бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдеді.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін медициналық мақсатта пайдалануды көздеген азамат келесі қызмет түрлерін пайдалануына мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева бұл тізімнің алдағы уақытта өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
«Бұл тізім халықтың қажеттілігін ескере отырып өзгеруі мүмкін. Өтініш берушінің келесі қадамы оның қалауы бойынша шетелдік ұйымды қоса алғанда, медициналық ұйымды таңдау және онымен шарт жасасу болмақ. Сондай-ақ, жұбайының, жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеуге пайдалануға болатынын атап өткім келеді. Мұндай жағдайларда тараптар жеке кабинетте туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды көрсете отырып, олардың ЭЦҚ-мен куәландырылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады», - деді Гүлнар Сәрсенбаева.
Еске салайық, 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емделуге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану құқығы берілетін болады.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан