Сәбина Алтынбекова тұрмысқа шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Неке қию рәсімі Алматы қаласында өтті

Фото: facebook.com/s.altynbekova.official/

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова тұрмысқа шыққаны жайлы қуанышты хабарын бөлісті. Спортшы неке қию рәсімі кезінде түсірілген суретті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын», - деп жазды ол.

Спортшы жариялаған фотодан екі жастың некесін «Нұр-Мүбəрак» университеті жанындағы мешіттің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы қиғанын аңғаруға болады. 

Еске сала кетсек, қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан (Тайбэй қаласы - ред.) кейін желіде «ең сымбатты» спортшы ретінде танылды. Ол 1996 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 17 жасында Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі атанды.