Шетелден 330 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келді

Автор: Azattyq Rýhy

Кеше Қазақстан әуежайларына 2 мыңнан астам жолаушы келді

көрнекі фото

24 желтоқсанда Қазақстан аумағына Швейцария, Мальдив, Индонезия, Иран, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 19 халықаралық әуе рейсі арқылы 2 113 жолаушы келді. ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама 1 783 жолаушыда болса, 330 азаматта тиісті анықтама болмаған.  

Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (849 жолаушы, анықтамамен - 730; анықтамасыз – 119);

Алматы әуежайына – 8 рейс (1 122 жолаушы, анықтамамен - 922, анықтамасыз – 200);

Шымкент әуежайына – 1 рейс (138 жолаушы, анықтамамен - 127; анықтамасыз – 11);

Петропавл әуежайына – 1 рейс (4 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Ал, 23 желтоқсанда анықтамасыз келген барлық 259 қазақстандықтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.