Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мал ұрлығының алдын алу шаралары және олардың тиімділігі туралы хабарлады
Соңғы 5 жылда еліміздің барлық өңірінде мал ұрлығының төмендеуі байқалады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Егер 2015 жылы 8 мың қылмыс болса, 2016 жылы – 7,3 мың (- 8%), 2017 жылы – 6,4 мың (- 13%), 2018 жылы – 5,6 мың (- 12,4%), 2019 жылы – 4,7 мың (- 15,2%) факт тіркелген.
Осылайша, 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін мал ұрлығының саны 40%-ға төмендеді. Биыл пандемияға байланысты енгізілген карантиннің нәтижесінде мал ұрлығы тағы екі есеге азайды.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында ҚР АШМ мен ҚР ІІМ бірлескен меморандум қабылданды. Құжатқа сәйкес ведомствоаралық арнайы топ құрылып, заң шығару саласында бірлескен жұмыс атқарылды, техникалық және ақпараттық қолдау жолға қойылды, ветеринариялық талаптарды, малды сәйкестендіру тәртібін және ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау қағидаларын түсіндіру бойынша және т.б. іс-шаралар жүргізілуде. Шаруа қожалық басшылары мен тұрғындарға мал басын сәйкестендіру (биркалау, электрондық чиптер, GPS-бақылау және т.б.), мал жаю мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Сондай-ақ, сауда орындарының, мал базарларының қызметі нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкес тексерілуде.
Мал ұрлығының алдын алудың пәрменді шарасының бірі – ол Қазақстанда міндетті болып табылатын ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары. Бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы – әр жануарға бақылау жүргізуге және ауруларға қарсы ветеринариялық екпелерді бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, малды тіркеу жүйесі ұрланған ауылшаруашылық жануарларын жаппай сатуды қиындатады. Бүгінде облыс әкімдіктерінің ветеринария басқармаларының есептері бойынша республика көлемінде барлық мал басы сәйкестендірілген.
Анықтама: 2020 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстанда:
Мал ұрлығына қарсы тиімді шараның тағы бірі – ол ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің республиканың барлық өңірлерінде «ішкі ветеринариялық бақылау» бекеттерін орнату бастамасы болды. Олар мал мен ет өнімдерін ілеспе құжаттарсыз тасымалдайтын көліктерді белсенді түрде анықтауда.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығымен мемлекеттік шекара бойында агроөнеркәсіптік кешен өніміне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан-Ресей учаскесінде – 28, Қазақстан-Қырғыз учаскесінде 4 ветеринариялық-бақылау пункті орнатылды.