Түнгі клубтың жұмысы 3 айға тоқтатылды
Сот шешімімен карантиндік шараларды өрескел бұзғаны үшін елордадағы «Алания» түнгі клубы мен «Жаным сол» караоке-барының жұмысы тоқтатылды.
Аталмыш мекемелер ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің нұсқауларын жүйелі түрде бұзып келген. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты түнгі клубтың жұмысын 3 айға, ал караоке-бардың жұмысын 1 айға тоқтатты. Сонымен қатар, заң бұзушыларды әкімшілік айыппұл күтеді.
Бұған дейін әкімшісі 2 рет қамауға алынған «Алания» түнгі клубы жабылуы мүмкін екенін жазғанбыз. «Алания» түнгі клубы жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны, келушілерше кальян ұсынғаны үшін 20 рет әкімшілік жауапқа тартылған.