Диспансерлік есепке алынған әйелдер саны да артқан
Қызылорда облысында осы жылдың 11 айында 1 мың нәресте дүниеге келсе, соның 200-і шетінеп кеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстарғанда 30 пайызға жоғары. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, сәбилердің жиі шетінеуіне ана денсаулығы әсер еткен. Өңірде диспансерлік есепке алынған әйелдер саны биыл былтырғы жылдан 16 пайызға жоғары.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасары Анар Шүкірова бұл жағдай әйелдердің денсаулық индексіне, аурушаңдығына байланысты перинаталды кезеңде балалардың аурушаңдығына байланысты екенін жеткізді.