«Сапалы жол, инфрақұрылым, тұрақты баға»: нұротандықтар Екібастұз тұрғындарының мәселесін шешуге уәде берді

Автор: Azattyq Rýhy

«Nur Otan» партиясының Екібастұз қалалық филиалының 13 мың мүшесі бар

Павлодар облысы Екібастұз қаласында облыстық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткерлер Мирхат Мұсанап пен Сергей Лепехин «R.W.S.Binding» ЖШС-не барып, жұмысшылармен кездесті және партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Бұл зауытта кеншілер қаласының 35 тұрғыны еңбек етеді. Кәсіпорын бірегей өнімділігі жоғары еуропалық жабдықпен жарақтанған. Онда, рельс бекітпелері мен полимерлі төсемдер шығарылады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік кәсіпорындармен өте табысты ынтымақтаста жұмыс істеп келеді.

Кандидаттармен кездескен еңбек ұжымы қаланың инфрақұрылымдық мәселелерімен қатар күнделікті болып жатқан проблемаларды айтты. Атап айтқанда, сапасыз жолдар, Жаңа жыл алдындағы азық-түлік бағасының қымбаттауы, ауыз және т.б. Нұротандықтар болса тұрғындарды мазалаған мәселелерді алдағы жақын уақытта шешетіндерін айтты. Сондай-ақ, үміткерлер негізгі жеті бағыттан тұратын «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Біздің бағдарлама облысымызды кешенді дамытуға бағытталған. Партиямыз азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. Біз жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған жобалардың іске асыуына көмектесеміз», - деп атап өтті кандидат М. Мұсанап.

Бұл күні нұротандықтар «Гидропорм» ЖШС-не де барып, құрылысшылармен кездесу өткізді. Павлодар облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Михаил Цыбанев пен Екібастұз қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бөгенбай Татаев пен Исламбек Құлтуманов жұмысшылардың өтініштерін тыңдап, сайлауалды бағдарлама аясында қалада атқарылатын жұмыстарды баяндады.

«Гидропром» ЖШС-і биыл 22-ші шағынауданда тоғызқабатты бес тұрғын-үй кешенін тапсырып, балабақшаны қайта жаңартты. Сонымен қатар, облыс орталығында жаңа бес үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, құрамында 13 мың мүшесі бар Екібастұз қалалық филиалы, «Nur Otan» партиясының өңірдегі ең ірі бөлімшесі болып саналады. Билік партиясы аймақ тұрғындарының үмітіне сай болу, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін, барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Павлодар облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді