20 желтоқсанда 363 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді
20 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, Ресей, Беларусь, және Қырғызстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 824 қазақстандық келді. Оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 2461 адам, анықтамасыз 363 адам келген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
19 желтоқсанда тиісті анықтамасыз ұшып келген 237 қазақстандықтың үшеуінен ПТР-талдау нәтижесі бойынша коронавирус анықталған. Олардың екеуі Нұр-Сұлтан қаласына Минскіден, біреуі Франкфуркттан ұшып келген.