Аймақтық бас санитарлық дәрігердің қаулысы 18 желтоқсаннан бастап күшіне енеді
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 18 желтоқсаннан бастап аймақта санитарлық бекеттер алынады. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңірдің бас санитарлық дәрігері облыспен шекаралас аймақтарда аурудың азаюын басшылыққа ала отырып, осындай шешім қабылдаған.
Айта кетейік, облыстың сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін қойылған, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Осакаров аудандарының аумақтарында орналасқан санитарлық бекеттер алынады.
Қаулы 2020 жылдың 18 желтоқсанында сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.