Автопарк басшылығы 15 желтоқсанда қарызды өтеуі тиіс болған
Семей қаласында автобус жүргізушілері жалақы алмағандықтан, жұмысқа шығудан бас тартты. Semey Bus автопаркінің жүргізушілерімен қала басшысы Ермак Сәлімов жолықты.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, еңбек инспекциясы автобус жүргізушілерінің жалақы қарызын төлеу қажеттігі туралы автопарк басшылығына бірнеше рет ескерткен.
«Жұмыс берушінің қарызды өтеу туралы келесі есебі бүгін, 15 желтоқсанда әлеуметтік серіктестік жөніндегі үшжақты комиссия аясында өтуі тиіс еді. Еңбек инспекциясы жұмыс берушіге бірнеше рет қарызды төлеуі жайында ескертті», - делінген хабарламада.