«Егемен Қазақстан» ғасырлық мерейтойын атап өтті
Салтанатты жиында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев газет қызметкерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстап, жұмысына сәттілік тіледі
«Егемен Қазақстанға» - 100 жыл. Шежірелі қарт басылым елордада мемлекеттік органдар, ардагер журналистер мен зиялы қауым өкілдерінің басын құрап, ғасырлық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салтанатты жиында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев газет қызметкерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстап, жұмысына сәттілік тіледі.
«Тәуелсіз Қазақстанның аға газеті өз парақтарында тарих тағылымын, уақыт үнімен бейнелеп кеше мен бүгіннің арасын жалғап келеді. Жаңалықты жұртшылыққа жылдам әрі шынай түрде жеткізіп, егемен еліміздің саясатын халыққа байыпты насихаттап, ел шежіресін қағазға қаттаған байырғы басылымның беделі әрқашан биік», – деді Қырымбек КӨШЕРБАЕВ.
Салтанатты шара барысында сонымен қатар, Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин және Премьер-министр Асқар Маминнің ресми өкілдері құттықтауларын жолдады.
Сондай-ақ, «Үміт» жас журналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды.