16 желтоқсанда елордада отшашу болмайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қатарынан төрт күн демалады

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында отшашу болмайтынын мәлімдеді.

Желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Тәуелсіздік күніне орай төрт күн қатарынан, яғни 16,17,18 және 19 желтоқсан демалыс болады. 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсандағы жексенбіге ауысты.

Сондай-ақ жақында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шаһар тұрғындарын Жаңа жыл мерекесін үйде, отбасы мүшелерімен шағын ортада қарсы алуға шақырды.

Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа қайта енді.