Түркияда коронавирус індеті қайта өршіді
Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 10 желтоқсаннан бастап екі тараптың әуе компаниялары Түркиядан аптасына 20-дан 10 рейске дейін тұрақты рейстер санын қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.
«Жалпы, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде. 9 желтоқсанда мемлекеттік шекарада КВИ бойынша оң нәтижемен 635 адам анықталды. Жалпы алғанда, автоөтпе жолдарда шекараны кесіп өту кезінде әкелінетін жағдайлардың саны 1,5 есе, авиа - 2 есе азайғанын атап өткен жөн», - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте Түркияда 33 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды.