09.12.2020, 12:14
Қоғам
Шетелден 92 жолаушы ПТР-анықтамасыз келді
Олардың ешқайсынан коронавирус анықталған жоқ
Фото: ашық дереккөзден
8 желтоқсанда Қазақстан аумағына Швейцария, Германия, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсімен 1 740 жолаушы келді. Оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 1 648 адам, анықтамасыз 92 адам - ҚР азаматтары келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына – 6 рейс (1 279 жолаушы, анықтамамен - 1 207, анықтамасыз – 72);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (222 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз – 10);
- Қостанай әуежайына – 1 рейс (239 жолаушы, анықтамамен - 229; анықтамасыз – 10) келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 92 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды