$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 14:16
Қоғам

Қызылорда облысында киік атқан азамат ұсталды

2019 жылы Қазақстанда 335 мың киік есепке алынды

Қызылорда облысында киік атқан азамат ұсталды
фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өтіп жатқан «Киік» шарасы барысында 5 желтоқсан күні күдікке ілінген автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан атылған киік табылды.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда браконьерлікке қарсы жаза күшейтілген. Бұрын браконьерлік қылмысы дәлелденген адамның мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, қазір жаза мерзімі 10 жылға дейін артты. Мемлекеттік инспекторлар мен қорықшыға қатысты өмірге қолсұғушылық және күш қолданғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.

Серіктес жаңалықтары