Пандемия басталғалы республикада 2 063 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда 23-29 қараша аралығында коронавирустан 44 адам қайтыс болды, деп хабарлады ДСМ.
Атап айтқанда:
- Шығыс Қазақстан облысында - 11;
- Алматы қаласы - 8;
- Нұр-Сұлтан қаласында - 6;
- Батыс Қазақстан облысында - 6;
- Солтүстік Қазақстан облысында - 5;
- Ақмола облысында - 2;
- Атырау облысында - 2;
- Алматы облысында - 1;
- Қостанай облысында – 1;
- Маңғыстау облысында -1;
- Шымкент қаласында – 1.
Айта кетейік, Қазақстанда 22 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина өндірісі басталады. Ал 2021 жылдың басынан бастап қазақстандықтарға ерікті түрде COVID-19-ға қарсы вакцина салынады. Алғашқы кезеңде дәрігерлер, педагогтер, күштік құрылымдар қызметкерлері қамтылады.