Сенат депутаттары жедел қолға алынуы тиіс 6 шара ұсынды
Айгүл Қапбарова, Мұрат Бақтиярұлы, Динар Нөкетаева, Аалтынбек Нухұлы, Нариман Төреғалиев бастаған сенаторлар халықты оңтүстік өңірлерден солтүстікке аймақтарға қоныс аудару процесінде туындайтын мәселелер бойынша Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев солтүстік аймақтарда тұрғындар санының кеміп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақыны екі есеге көбейту қажеттігін тапсырды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туғандарға қарағанда, қайтыс болғандар саны көп. Жыл басынан бері облыс тұрғындарының саны үш мыңнан астам адамға кеміген. Мәселен, 2018-2019 жылы және осы жылдың 9 айында СҚО облысына оңтүстік өңірлерден 5123 адам қоныс аударса, есесіне өңірден 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Әсіресе, Қазақстанның Ресеймен шекаралас ауылдарында адам саны күрт кеміген. Тұрғындар санын толтыру проблемасы Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар. Тіпті Солтүстік Қазақстан облысында 20 жылда 300-ге жуық мектеп жабылып, бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайған. Мектеп ғимараттары аукционға қойылып, сатылуда.
«Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық 118 832 адамды құрайды. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8%-ын 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар құрайтыны алаңдатады.
Сыртқы көші-қонның санын азайту үшін ішкі көші-қон үдерісіндегі еңбек теңгерімінің тұрақты және тиімді қалпын сақтау маңызды. Ел аумағының біртұтастығы үшін оңтүстіктен солтүстік аймақтарға бағытталған көші-қон үрдісін жалғастыру керек деп санаймыз», - делінген депутаттық сауалда.
Халықты оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аудару кезінде туындайтын мынадай негізгі мәселелер:
Біріншіден, тұрғын үй мәселесінің түпкілікті шешілмеуі. Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда оң нәтиже бар болғанымен, ол жеткіліксіз. Қоныс аударушылар үшін мемлекет беретін үйлердің көпшілігі қазіргі заманғы өмір сүру стандарттарына, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, кейбір үйлер апатты жағдайда тұр. Берілген үйлердің бір бөлігі физикалық тұрғыдан тозған, бұл қалыпты, жайлы өмір сүруге мүмкіндік бермейді.
Екіншіден, тұрақты жұмыс орнының болмауы. Еңбекке қабілетті қоныс аударушылардың біраз бөлігі тұрақты жұмысқа орналаспаған. Қоныс аударушылар жақсы табыс табу мақсатында бір ауылдан екінші ауылға «көшіп» жүретін жағдайлар да сирек емес.
Үшіншіден, климатқа бейімделудегі қиындықтар. Солтүстік пен оңтүстіктің климаттық жағдайындағы күрт айырмашылықтар қоныс аударушылардың бейімделу процесін қиындатады, бұл қоныс аударушылар үшін субсидиялар мен жеңілдіктерді есептеу кезінде ескерілуі қажет. Нәтижесінде, кейбір қоныс аударғандар кері қайтуда.
Төртіншіден, қоныс аударушылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қолдау көрсетудің кейбір тетіктерінің жеткіліксіздігі. «Бизнес-Бастау» бағдарламасының бағыты шағын бизнестің (олар үшін ауыл шаруашылығы саласында болғаны дұрыс) басталуымен емес, формальды түрде сертификат алумен аяқталады. Қоныс аударушыларда несие алу үшін кепіл мүлкінің болмауы. Мәселен, қоныс аударушылардың 2018 жылы – 5,6, 2019 жылы – 4,1, 2020 жылы 2,9 пайызына ғана кәсіпкерлік қызметпен айналысуына қолдау көрсетілген.
«Сондай-ақ көші-қон процестерінің жалпы ұлттық экономиканың дамуына, атап айтқанда, аграрлық секторға әсері зерттелмеген күйінде қалып отыр. Себебі Оңтүстік өңір тұрғындарының көп бөлігі ауыл шаруашылығында (мал шаруашылығы, егіншілік, бау-бақша өсіру, көкөніс өсіру және т.б.), құрылыста, қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге бағдарланғаны ескерілмеген. Ал Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында дәрігерлер, мұғалімдер, ветеринариялық дәрігерлер және басқа да техникалық мамандықтар сұранысқа ие», - делінген депутаттық сауалда.
Сенаторлар жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты қоныс аудару бағдарламасын іске асырудағы жекелеген тетіктерді жетілдіру және оның тиімділігін арттыру үшін мынадай шараларды жедел қолға алу қажет деп есептейді: