Даниал Ахметов ШҚО-ның «қызыл аймақтан» шыққанын хабарлады

Автор: Azattyq Rýhy

Өңір коронавирустың таралу деңгейі бойынша «сары аймаққа» енді

Фото: facebook.com/AkhmetovDanialkz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ШҚО тұрғындарының жауапкершілігінің арқасында COVID-19 инфекциясының таралу деңгейі төмендеп, өңірдің «қызыл аймақтан» шыққанын мәлімдеді.

«Бүгінде аймақта коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеді. Қарашаның басымен салыстырғанда репродуктивті R саны 1,85-тен 0,84-ке дейін, ал төсек қорының қамтылу пайызы 31,1-ден 14,5-ке дейін төмендеді. Вирус жұқтырғандар саны 7 қарашада 353 адам болса, кеше 73 болды», - деп жазды ол.

Әкімнің хабарлауынша, қабылданған шаралардың арқасында ШҚО коронавирустың таралу деңгейі бойынша «сары аймаққа» енді.

«Бұл қолданыстағы шектеулерге бірқатар жеңілдіктер енгізуге мүмкіндік береді. Алайда, әзірге вакцина жоқ, сондықтан КВИ-ден қорғануға болатын ең сенімді жағдай – сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық болып қала бермек», - деп ескертті аймақ басшысы.