Келген жолаушылардың бәрі – ҚР азаматтары
1 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсімен 1 237 жолаушы келді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, жолаушылардың 1152-і ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен, 85 адам анықтамасыз келген. Келген жолаушылардың бәрі – ҚР азаматтары.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 85 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.