Мейрам күнінде ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысын жалғастырады
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай елордада отшашу болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева айтты.
«1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елорда аумағында отшашу жоспарланып отырған жоқ», - деді Ақмарал Олжабаева.
City Transportation Systems (CTS) компаниясының ресми мәліметінше, 1 желтоқсан күні елорданың қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ мейрам күнінде елорданың сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысын жалғастырады. Бұл нысандарға сенбі күні де жұмыс істеуге рұқсат бар.
Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда үйлері, сауда, ойын-сауық орталықтары сенбіде сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Келушілер маска тағуы, әлеуметтік қашықтықты сақтауы, термометриядан өтіп, антисептиктер мен санитайзер қолдануға міндетті.