Елімізде тұрмыстық химия бағасы қымбаттады. Қазақстандықтар тұтынатын тұрмыстық химияның 94 пайызы импорт
Тазалық құралдары қазақстандықтардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсіре бастады. Кір жууға арналған ұнтақ 6, иіс сабын 8, кір сабын 7 пайызға қымбаттады, деп Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтема жасап.
Қазақстандықтар тұтынатын тұрмыстық химия мен парфюмериялық өнімдердің барлығы дерлік шеттен импортталады. Қараша айының басында кір жууға арналған ұнтақтың бағасы 6 пайызға қымбаттап, 1 қаптаманың құны 456 теңгеге жетті.
Қазан айында салмағы 100 грамдық иіс сабынның бір данасының бағасы 230 теңгеге бағаланды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,9 пайызға жоғары. Ал кір сабынның бағасы 7,4 пайызға қымбаттап, 130 теңгеге жеткен.
Бір жылда тазалық құралдарының өндірісі 44,5 пайызға өскен. Қазақстанда қаңтар-тамыз айларында бұл саладағы өндіріс көлемі 5,5 мың тоннаны құрады. Дегенмен, бұл көрсеткіш ішкі сұраныстың 5,9 пайызын ғана жабады.
Ал сабын өндірісі керісінше 14,3 пайызға төмендеп қалған. Арнайы тазалау құралдары Қазақстанда тіптен аз шығарылады. Бұл саладағы сұраныстың 98,9 пайызын импорттық тауарлар қанағаттандырып отыр. Сусабын 5,8 пайызға, тіс пастасының бағасы 5,5 пайызға көтерілген. Парфюмерия 6 пайызға қымбаттаған.
Эльмира Мәмбетқызы, Петропавл