Алматы облысының өз «Артегі» болады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл істі қолға алуға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылмақ

 

Алматы облысы Алакөл ауданында бұрынғы «Жалын» лагері қайта қалпына келтірілетін болды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көл жағасында орналасқан демалыс орны заманға сай үлгіде жаңа келбетке ие болып, даңқты «Артектен» кем болмайтын тәрізді. Осы істі қолға алуға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылмақ.

Аудан, қала әкімдерінің 2021 жылға арналған жоспарлары мен шешімін күткен мәселелері жайлы баяндамаларын тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданының «Жалын» лагері туралы бастамасын қызу қуаттайтынын айтты.

«Аудан әкімі Ә. Жақанбаев 2021 жылы Ақши ауылындағы аталмыш балалар демалыс орнын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу 1,6 млрд теңгені қажет ететінін айтты», - делінген хабарламада.