Министрдің айтуынша, қазіргі жағдай соған алып бара жатыр
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин шаралары алдағы желтоқсан-қаңтар айларында күшейтілуі мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Апта сайын деректерді талдау және алдағы уақытта болуы мүмкін жағдайлар болжанады. Қазір біз сценарий бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантиндік шараларды күшейту мүмкіндігін көріп отырмыз. Барлығы біздің қазір жағдайды қаншалықты басқаратынымызға байланысты болады», - деді министр ОКҚ-да өткен брифингте.
Министрдің мәлімдеуінше, бүгінде ШҚО-да коронавирус жұқтырған науқастар саны азайып келеді.
«Шығыс Қазақстан облысында қазан айының ортасынан бастап енгізілген шектеу шараларының арқасында қарашаның екінші онкүндігінде науқастар санының төмендеуі байқалады», - деді министр.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан