Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі
Жексенбі, 29 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүріп, жексенбі күндері жұмысына тыйым салынған.
Дүйсенбі күні, 30 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.