Қазақстанға ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Кеше Қазақстанға 8 мемлекеттен 1000-нан астам жолаушы ұшып келген

Фото: ашық дереккөзден

25 қарашада Қазақстан аумағына Египет, Түркия, Ресей, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсімен мыңнан астам жолаушы келді.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметі бойынша, 1 026 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 921 адам, анықтамасыз 105 адам (ҚР азаматтары) келді.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс (507 жолаушы, анықтамамен - 431, анықтамасыз – 76);
  • Алматы қаласының әуежайына - 5 рейс (420 жолаушы, анықтамамен - 391, анықтамасыз – 29);
  • Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс (барлық 99 жолаушы анықтамамен келді).

Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті. ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.