«Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ іздерін тапсыруға міндетті»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Тілші ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын 22 қазанда жазып алған

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия» бірінші арнасы таратқан хабардың ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

«Тілші ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады.

Ведомство өкілдері осы ақпаратты телеарнаға сілтеме жасап таратпауды, бүгін берілетін ІІМ-нің ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.