Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік балалар күніне орай Twitter желісінде жазба қалдырды.
«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық баланың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 1954 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елде мерекелеуді ұсынды. 1959 жылы 20 қарашада Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданды.