Қазiр жергiлiктi университетте 7,5 мың студент оқиды
Биыл Солтүстік Қазақстан олысында колледждер мен университеттердi 5,4 мың адам бiтiрдi. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткiш. Ең маңыздысы, түлектердiң 80% жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Студенттердiң саны бiртiндеп көбейiп келедi. Соңғы үш жылда гранттардың саны екi есеге: 1,8 мыңнан 3,9 мың грантқа дейiн өсті. Қазiр жергiлiктi университетте 7,5 мың студент оқиды. 2017 жылы бар болғаны 5,4 мың студент бiлiм алатын едi», — дедi Құмар Ақсақалов облыстық әкiмдiктiң отырысында.
Колледждердiң материалдық-техникалық базасын жақсартуға бөлiнген қаржы 275 миллион теңгеге жеттi. Бұл 2017 жылы бөлiнген қаражаттан 4 есе көп. 4 колледжге жоғары технологиялық жабдықтар сатып алуға 1,2 млрд тг бөлiндi. 2021 жылы тағы 5 колледжге 1,5 млрд тг бағытталады. Осылайша, екi жыл iшiнде облыстағы мемлекеттiк колледждердiң 40% жаңарады.