$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2019, 09:10
Қоғам

Алтынсарин ауылының тұрғындары қоқыс өңдейтін зауыттан зардап шегіп отыр

Тұрғындар медициналық қалдықтардың өңделмей, тек өртеліп жатқанына наразы 

Алтынсарин ауылының тұрғындары қоқыс өңдейтін зауыттан зардап шегіп отыр
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Ыбырай Алтынсарин ауылы тұрғындары, қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыттан уланып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

«Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына келген тұрғындар геология және табиғи ресурстар министріне осыны жеткізді. 8 мың тұрғыны бар ауыл халқы үш жыл бойы зауытпен арпалысып әлек. Олар медициналық қалдықтардың өңделмей, тек өртеліп жатқанына наразы. Бұған дейін облыс әкімшлігіне де шағымданыпты. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ дейді. Ауыл халқы қолқаны қапқан иістен әбден шаршаған. Министр бұл жағдайды өз бақылауына алтынын жеткізді. 

 «Заң бойынша сол зауытта фильтр болуы керек. Ешқандай фильтр жоқ. Қойылған пештер талапқа сай емес. Жабайы пеш сияқты. Кейде жерге жағады. Тонналап машинамен қалдық әкеледі. Адамның шынтақтары, өкпе, бауыр бәрі бар», - дейді Ы. Алтынсарин ауылының тұрғыны Қайыржан Шөкеев.

 «Біздің адамдар осы апта барады. Комиссия жібереміз. Бүгін міне экология департаментінің басшысы отыр. Зауыттың неге бұлай жасап жатқанын көрейік. Ең алдымен бәрін тексереміз», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары