Оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

Айжан Есмағамбетова мектептердегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова оқу жылы басталғалы республика бойынша кезекші сынып оқитын оқушылар арасында 302 баланың коронавируспен ауырғанын мәлім етті.

«Оқудың жаңа форматына көшу себебі – кезекші сыныптардағы оқушылар арасында аурушаңдықтың төмендігі болып отыр. Ата-аналардың көпшілігі жұмыс істейді. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша мектептер офлайн жұмыс істеуге дайын екені анықталды. 1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сынып оқушылары арасында коронавирус дертімен ауырған 302 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, вирустық пневмонияға қатысты 1 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта 456 бала емделіп жатыр», - деді ҚР Айжан Есмағамбетова.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Есмағамбетова жаңа оқу жылы басталғалы республика бойынша 241 мұғалімнің КВИ жұқтырғанын атап өтті.