Елімізде Теңге есімді қанша адам бар?

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін – Ұлттық валюта күні

 

Елімізде Теңге есімді қанша адам бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіің мәлімет бойынша, Қазақстанда Тенге есімді 81 және Теңге есімді 11 адам бар. Сондай-ақ, бұл есімнің тағы бір қызық нұсқасы – Актенге (99 адам) және Ақтеңге (57 адам).

Ақтеңге Қаналиева өз есімнің нені білдіретінін айтып берді. 

«Мені атам осылай атаған. Мен дүниеге келген жылы валютамыз пайда болған. Өз атым өзіме ұнайды. Оның мағынасы туралы ешқашан ойланған емеспін. Жарқын және мейірімді қыз болсын деп Ақ деген сөзді қосқан шығар», - дейді ол.

Ақтеңгемен бір сыныпта Теңге деген қыз оқыған екен. Екеуі де Маңғыстау өңірінен шыққан.