Бүгін Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қатынамайды

Автор: Azattyq Rýhy

Дүйсенбіден бастап автобустар қайтадан қалыпты режимде жүре бастайды

Фото: arnapress.kz

Жексенбі, яғни 15 қараша күні дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал .дүйсенбіден, яғни 16 қарашадан бастап автобустар қайтадан қалыпты режимде жүре бастайды

«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, атап айтсақ, көлік картасымен, SMS/QR-код көмегімен төленеді. Transcard.kz сайтынан қажетті тарифті таңдап, сатып алуға болады. Сонымен бірге теңгеріміңіздегі қаржыны тексеріп, көп пайдалы ақпарат таба аласыз», - делінген баспасөз хабарламасында.