9 қарашадан бастап автобустар қайта қатынайды
Жексенбі күні, 8 қарашада дезинфекция жүргізілуіне байланысты қоғамдық көліктер бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, басқа күндері қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Дүйсенбі, 9 қарашадан бастап автобустар әдеттегі кесте бойынша қайта қатынайды.