Елордада бір жарым жылға жуық алимент төлемеген әке 1,5 млн теңге берешегін қолма-қол төледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қарыз әкелердің көпшілігі құқық қорғау органдары жазалауы мүмкін екенін түсінбей, төлемдерден қашады

Фото: ашық дереккөзден

Қылмыстық жазалауды болдырмау үшін алимент бойынша борышкер берешекті толық көлемдегі 1,5 миллион теңге мөлшерінде қолма-қол ақша қаражатымен өтеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына сілтеме жасай отырып.

Қарыз болған әке 2019 жылдың тамыз айынан бастап екі балаға алимент төлеуден қашқан.

«Қарыздармен айналысатын сот орындаушысы борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін істі құқық қорғау органдарына жіберді. Бұдан кейін борышкер қылмыстық жазадан құтылу үшін қарызды дереу толық көлемде, 1,5 миллион теңге мөлшерінде қолма-қол ақша қаражатымен төледі»,- дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЖСО өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Қарыз әкелердің көпшілігі құқық қорғау органдары жазалауы мүмкін екенін түсінбей, төлемдерден қашады. Жоғарыда жазылғандай, алимент төлеуден қашқан әкеде ақша проблемалары болмаған, ол саналы түрде төлемдерден қашқан.

Қазіргі уақытта алименттік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың қалдығы 14 000-нан астам өндірісті құрайды. Оның ішінде 7 000-нан астам әкенің қарызы мерзімді түрде жалақыдан ұсталады, борышкерлерді іздестіруге байланысты 1000-нан астам іс тоқтатылды. 6000-ға жуық қарыз әкенің ісі сот орындаушылары тарапынан мәжбүрлеп қарыздарын өтеу үшін қолға алынды.

Нұр-Сұлтан қаласында «Борышкер» рейдтік іс-шараларын өткізу кезінде алименттік төлемдерді, салық берешектерін өндіріп алу және уәкілетті органның қаулылары бойынша айыппұлдарды өндіріп алу бойынша 30-дан астам автомашина мамандандырылған айыппұл тұрағына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада екі ай бойы «Борышкер» рейдтік іс-шаралары өтті, осы уақыт ішінде сот орындаушылары 234 506 505 теңге сомасына айыппұлдар мен салықтар бойынша 15 153 материал орындады. Ұсталған алимент төлемейтін әкелердің автокөліктер бойынша қарызы 31 121 450 теңгені құрады.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан