Коронавируспен ауырған балалар арасында өлім тіркелген жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус жұқтырған 19 балада сырқат ауыр өткен

Көрнекі фото

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус диагнозы 3164 баладан расталды, оның 114-і – жаңа туған нәрестелер. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

«Коронавируспен ауырған балалар арасында өлім тіркелген жоқ. КВИ 2,7 мыңға жуық балада (85% немесе) симптомсыз және жеңіл өтсе, 448 балада (14,2%) орташа және 19 балада ауыр (0,6%) болды. Қазір инфекция жұқтырған 340 бала бақылауда, ол қатарда жаңа туған 3 нәресте де бар», - дейді вице-министр.

Жеті балаға вирустық пневмонияға тән белгілері бар COVID-19 асқынуы диагнозы қойылды, 3 пациенттен бактериялық сипаттағы пневмония анықталды.