Кей станцияларға баратын жолаушыларға билет сатылмайды
2 қарашадан бастап «Павлодар – Алматы-2» бағытындағы №31/32 жолаушылар пойызына Дегелең, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жалғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай станцияларында жолаушылар алуға, жолаушылар түсіруге уақытша тыйым салынған және осы станцияларға баратын жолаушыларға билет сатылмайды.
Сондай-ақ, «Алматы-2 – Өскемен-1» бағытындағы №351/352 пойызы мен «Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Өскемен-1» бағытындағы жолаушылар пойызының саны уақытша қысқарды.
Шығыс-Қазақстан облысындағы барлық станциялардан пойызға мінетін жолаушылар берілген уақыты 3 күннен аспаған және теріс нәтижесі бар COVID-19 вирусына ПТР-анықтама алуға міндетті. ПТР-тесттен өтпеген жолаушылар вагонға мінгізілмейді.
Ал қатынауды тоқтатқан пойыздарға немесе тоқтауға болмайтын станцияларға билет алып қойған азаматтар, сондай-ақ, анықтама болмағандықтан пойызға мінгізілмеген жолаушылар билетін қайтарып, оның құнын толық көлемде қайтара алады.