$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2020, 13:55
Қоғам

Қазіргі балалардың да талғамымен санасу керек – Кенжехан Матыжанов

Әдебиет және өнер институтының директоры бұрынғы әліппенің ауыл балаларына лайықталып жасалғанын айтты

Қазіргі балалардың да талғамымен санасу керек – Кенжехан Матыжанов
Фото: ашық дереккөзден

Жаңа «Әліппенің» қазіргі қолданыстағы «Сауат ашу» бағдарламасымен ұқсастығы аз. Бұл туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім беру орталығының директоры Манара Адамова ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Маманның айтуынша, бүгінгі балалардың оқып жүрген «Сауат ашу» оқулығында «Әліппе» мен «Ана тілі» кіріктірілген болатын. 2021-2022 жылдардағы оқу жылынан бастап, бірінші сынып оқушылары екі оқулықпен оқитын болады. 

«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағатты, оқу жылында барлығы 198 сағатты құрайды. «Әліппеге» дейінгі кезеңге - 12 сағат, «Әліппе» кезеңіне - 84 сағат, «Әліппеден» кейінгі кезеңге - 102 сағат қарастырылған. Ұсынылып отырған «Әліппе» пәнінің  мазмұны І-жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері), ІІ жартыжылдықта «Ана тілі» оқулығы бойынша  (әліппеден кейінгі кезең) жүзеге асырылады» - деді Манара Адамова.

Сонымен қатар, брифингте сөз сөйлеген Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов әліппенің қоғамдағы рөлін ескере келе, оқулық бағдарламасының бүгінгі заманға сай жасалғанын атап өтті. 

«Қазіргі балаларымыздың ділі әртүрлі. Мәселен осы уақытқа дейінгі әліппені оқыған кезде негізінен, қазақ тілі ауылдағы балаларға лайықталып жасалған болатын. Ал енді қазір қаладағы қазақтілді мектептер өркендеп келе жатыр. Осы тұрғыда қаладағы балаларға қазақ тілін қалай үйретеміз деген мәселе де күн тәртібінде тұрды. Кейде архаизмге тым беріліп кетуге болмайды. Қазіргі балалардың да талғамымен, ұғым-түсінігімен санасуға тура келеді» - деді М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. 

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары