Қостанайда аквапарктердің қызметіне тыйым салынды
Қазақстан чемпионаттары мен республикалық жарыстар көрерменсіз өтеді

Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло «Карантин шараларын күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қаулыға сәйкес, аквапарктердің қызметіне тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимі таңғы сағат 10:00-ден кешкі сағат 23:00-ге дейін болады және клиенттер саны 30 адамнан аспауы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізбейді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, жеткізу қызметімен айналыса алады.
Ашық ауадағы аттракциондардың қызметіне рұқсат беріледі.
Қазақстан чемпионаттары мен республикалық жарыстар көрерменсіз, тиісті аумақтағы бас санитардың келісімі бойынша күшейтілген санитарлық режимді сақтай отырып, бір мезетте 100 адамнан аспайтын талаптарды орындаған жағдайда өтеді.
Бір мезетте 30 адамнан аспайтын талапты сақтаған жағдайда облыстық командаларға оқу-жаттығу жиынын қайта бастауға рұқсат беріледі.