Жапон ғалымдары коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолын атады

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус және ғылыми әлем

көрнекі фото

Жапон зерттеушілері вирус бөлшектерінің қозғалысын модельдеу және көрсету үшін Fugaku суперкомпьютерін қолданды. Бұл туралы Қазақстандағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Зерттеу нәтижесі жоғары ауа ылғалдылығы ұсақ аэрозоль бөлшектерінің көбеюіне әкелетінін көрсеткен. Әртүрлі қорғаныс амалдарын салыстыра отырып, ғалымдар медициналық масканы дұрыс қолдану – коронавирустан қорғанудың ең тиімді әдісі деген қорытындыға келді. Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтаудың тиімділігін айтқан.