Алматыда маска тақпағандарға 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

8 қазаннан бастап карантин талаптарын бұзған 439 нысан анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда маска режимін бұзған тұрғындарға 4,8 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«8 қазаннан бастап Алматыда бақылау топтардың жұмысы қайта жанданды. Олар шектеу шараларының сақталуын қадағалап жатыр. 8 қазаннан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар 1860 нысанды тексерді. 439 нысанда карантиндік, оның ішінде маска режимінің бұзылғаны анықталды», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, маска режимін бұзған тұрғындарға 113 хаттама толтырылып, 4,78 миллион теңге айыппұл салынған.