Арнайы жасақ орманды алқапты өрттен қорғап қалды
21 қазан сағат 05:46-да Алма-Арасан шатқалында өрт шыққаны жайлы хабар жетіп, оқиға орнына Алматы ТЖД табиғи өрттерге шұғыл ден қою жиынтық жасағы аттанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кірме жолдардың болмауына байланысты жасақ өрт шыққан аумаққа жаяу барған. Таудың бас жағында 1,5 гектар алаңда қураған ағаштар мен шыршалар өртенген. Өрт шыққан аумақтың солтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс жағында 3 өрт сөндіру учаскесі орналастырылып, тілсіз жаудың алдын алған. Оңтүстік-шығыс және батыс жағында болған өрт сағат 08:02-де, ал солтүстік жағында шыққан өрт сағат 08:31-де ауыздықталған.
Өртті сөндіруге 71 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оттың жеке ошақтарын сөндіру жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Арнайы жасақ орманды алқапты өрттен қорғап қалды.