$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2019, 11:25
Қоғам

9 айда Қазақстаннан 34 мың адам көшіп кетті

Олардың басым көпшілігі Ресейге қоныс аударған

9 айда Қазақстаннан 34 мың адам көшіп кетті

Шетелге қоныс аударып жатқан қазақстандықтар саны биыл тағы артты. Қаңтар-қыркүйек айларында елімізді тастап 34,2 мың адам көшіп кеткен деп жазады Ranking.kz. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға көп.

Қазақстанға көшіп келушілердің саны керісінше, азайып жатыр. Осы уақыт аралығында небәрі 8 мың адам елімізге қоныс аударған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4 пайызға кем.

Көшіп кетушілердің 84,1 пайызы (28,8 мың адам) қала тұрғындары екен. Ауылды жерлерден 5,4 мың адам шетел асқан.

Елден кеткендердің дені (30,4 мың адам) Ресейге қоныс аударған. Ал, сол көрші елден Қазақстанға 2,2 мың адам көшіп келіпті.

Тағы 2,1 мың адам Еуропа асып, Германияда тұрақтаған. Беларусь еліне 297 қазақстандық көшіп кетсе, Өзбекстанға – 220, АҚШ-қа 190 отандасымыз қоныс аударған.

Сонымен қатар, Қырғызстан, Израиль, Қытай, Түркия және Канадаға көшкен ҚР азаматтары да бар.

Облыстарға шағатын болсақ, елді тастап кеткендердің көбі ШҚО тұрғындары екен (5,4 мың адам). Сонымен қатар, Қарағанды облысынан – 4,8 мың, Қостанай облысынан – 4,3 мың, Павлодар облысынан – 4,2 мың, Солтүстік Қазақстан облысынан 3,3 мың адам шетелге көшіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары