Жыл сайын 70 мың ЖОО мен колледж түлегі жұмыссыздар қатарын көбейтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Халықтық коммунистік партия өкілдері жергілікті білім басқармасы мамандарымен кездесті

Фото: ашық дереккөзден

Жыл сайын колледж бен жоғары оқу орнын тәмәмдаған 70 мың түлек екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыздар қатарын көбейтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстан Халықтық коммунистік партиясының Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері жергілікті білім басқармасы мамандарымен кездесіп, түйткілді мәселелерді қозғады. Жиында жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама жүйелі болуы жайы да айтылды. Партия мүшелері «ауыл-аймақтағы мамандар тапшылығын жою үшін бір жолғы төлем мәселесін Үкімет қайтадан назарына алғаны жөн», - дейді. 

«Біздің ұсыныстарымыз – жастарға бағдарламаларды оңайлату. Яғни жеңіл несиелер беру. Сонымен қатар ЖОО мен жұмыс беретін кәсіпорындар арасында болашақта оқу бітіргенде сол жерлерге жұмысқа орналасу мақсатында әріптестік келісімшарттарға отыру», - деді ҚХКП облыстық филиалының екінші хатшысы Алтынай Жетпісбаева.