ШҚО-да көпбалалы аналарға 500-ге жуық қайтарымсыз грант берілді

Автор: Azattyq Rýhy

 Облыс бойынша 1214 азамат грант алды

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға 462 грант берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz порталына сілтеме жасап.

«Биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіп ашуы үшін облыс көлемінде 1214 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Оның ішінде 462 грант – көпбалалы аналарға, 178 грант аз қамтылған отбасылар бөлінді. Қазір бұл көрсеткіш 30% деңгейінде, келесі жылы 50%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ келесі жылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне қолдау көрсету мақсатында жоғары оқу орындарында және колледждерде тегін білім беру гранттары тағайындалады деп жоспарлануда.