12.10.2020, 09:50
Қоғам
Демалыс күні елордаға шетелден келген 189 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болмаған
Жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласына 1,3 мыңға жуық жолаушы келген
Фото: nn-airport.kz
Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 9 ұшақ қонып, Turkish Airlines, Air Astana, Scat, Вelavia және Flydubai әуе компанияларына тиесілі рейспен 1294 адам келген. Халықаралық рейспен келген жолаушылардың 189-ында ПТР-тест анықтамасы болмай, олар стационарға жатқызылған.
Анықтамасы болмаған жолаушылар тест тапсырып, оң нәтиже көрсеткендері инфекциялық стационарға жатқызылады.
Еске сала кетейік, 6 қазанда еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа жарлығы күшіне енді.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды