Алдағы жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қатынай ма?

Автор: Azattyq Rýhy

4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қатынаған жоқ

Фото: Батыржан Беспаев

Жексенбі күні, 11 қазанда елордада қоғамдық көлік қатынайды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауа райының салқындауына байланысты, сондай-ақ елорда тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Автобустар мен автопарктерде әдеттегідей әр айналымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекция жүргізіледі. Автобустарға маскасыз кіруге тыйым салынады. Жолақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.