Қызылордада алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен қызметкерлер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу шаралары жалғасады

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысының Полиция департаменті өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Мәселен, 5 қазан күні ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті және Қызылорда облысының ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп арнайы шара барысында заңсыз әрекеттері үшін басқарма басшысы мен оның қызметкерін ұстады.

Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып , ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар заң аясында қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымыздан орын жоқ. Полиция беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу шаралары жалғасады», - деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.